03 қаңтар 2018 15:44

Алматыда автобус жүргізушісі билет сұраған жолаушыға былапыт сөзбен жауап берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда автобус жүргізушісі жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жолаушыға билет бермей қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус жүргізушісі жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жолаушыға билет бермей қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жағдай "Медеу" мұз айдынына дейін баратын №12 автобуста болған.

Жүргізуші өз кезегінде бұл әрекетін автопарктің "Оңай" мобильді терминалдарынан бас тартқанымен түсіндіріп отыр. Содан ол балағат сөздер айта бастаған.

"Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының өкілдері жүргізушінің жазаланатынын айтты.

"Жүргізушіні үйінен шақыртып алдық. Енді бұл мәселені тәртіптік кеңесте қарастыратын боламыз. Сөгіс жарияланады", - деді "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының директоры Бауыржан Құлышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети