31 қазан 2019 | 09:22

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыға ақша толы сөмкесін қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қыз бала ақша мен құнды заттар салған сөмкесін қоғамдық көлікте ұмыстып кеткен, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қыз бала ақша мен құнды заттар салған сөмкесін қоғамдық көлікте ұмыстып кеткен, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Алматы қаласының тұрғыны, 29 жастағы қыз № 38 автобуста жүргізуші отыратын жердің артындағы жәшікке сөмкесін қойып, ұұмытып кеткен. Қыз бала көліктің нөмірін білмеген, сондықтан тасымалдаушы компанияға хабарласқан. 

"Бізге автобустың мемлекеттік нөмірін табуға көмектесті, сосын № 4 автобус паркіне тиесілі жолаушылар көлігінің нөмірін берді. Соның нәтижесінде автобус жүргізушісімен хабарласып, жағдайды түсіндіріп, жүргізушіге сөмкені іздестіріп көруін сұрадық. Сөмкеде екі әмиян болған: біреуінде қомақты сома болды, ал екіншісінде құжаттар, банк карталары, жүргізуші куәлігі және бағалы заттар болған еді. Жүргізуші қайта хабарласып, сөмкені тауып алғанын айтып, қуантты. Кездескенімізде, сөмкеден ештеңе жоғалмағанына таңғалдық. Барлығы орнында! Ақшаны алып кеткен шығар деп ойладық. № 38 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі Серікбай Бекмұратқа адамгершілігі үшін алғыс білдіргіміз келеді", - дейді жолаушы қыз. 

"Алматыэлектротранс" тасымалдаушы компания өкілдері жолаушылардың заттар жоғалған уақытта +7 708 630 1518 нөмірі бойынша WhatsApp call-орталығына хабарласуға болатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети