20 маусым 2016 15:12

Алматыда автобус жүргізушісі қала әкіміне жалақысының аздығын айтып шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыдағы автобус жүргізушісі қала әкімі Бауыржан Байбекке өзінің жалақысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы автобус жүргізушісі қала әкімі Бауыржан Байбекке өзінің жалақысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық жаңа автобустарды таныстыру рәсімінде қала басшысы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысы жайлы сөз қозғады. "Автотұрақты жаңарту керек. Біріншіден, егер компания автотұрақты жаңартпайтын болса, біз ешқандай ақша бермейміз. Екіншіден, сапа мен жүйелілік. Үшіншіден, жүргізушілердің сапасы. Яғни, жүргізушілерге дұрыс жалақы төленуі үшін олардың жұмысы соған сәйкес болуы тиіс. Егер жүргізуші қалыпты жалақыны алмайтын болса... Оның да балалары бар ғой, жұмыс істейтін адамға ақша төленуі керек", - деді Байбек.

Сонымен қатар, таныстыру рәсімінде қалалық қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірі Қуаныш Алмағамбетов бүгінгі таңда муниципалдық автобус жүргізушілерінің жалақысы бұрынғыдан аз екенін айтты. "Көпшілігіміз ОҚО мен Жамбыл облысынан келдік, барлығымыз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Таңғы сағат 4-те кетіп, түнгі 11-де қайтамыз. Үйге түнгі 1-де жетеміз, балаларымыз бар... Егер жалақы жақса болса, жолаушылардан ешкім де ақша алмайтын болады", - деді жүргізуші әкімге. 

Жүргізушінің айтуынша, автобус жүргізушілеріне сапарға шығуға айына 15 күннен артық уақыт берілмейді екен. "Бұрын біз жұмыс істейтінбіз, соған сәйкес көбірек ақша табатынбыз - айына 250 мың теңгеге дейін жететін. Сондай көлемде жалақы алатынбыз", - деді Қуаныш Алмағамбетов.

Айта кетейік, Green Bus басқарушы компаниясындағылар бұл жағдайды бұрын жүргізушілердің мүлде демалыссыз жұмыс істегенімен түсіндіріп отыр. "Жұмыста артық істелген уақыттар көп болды. Адамдар демалмады. (…)  Қазір біздің жүргізушілердің 50 пайызы 150 мың теңгеге дейін жалақы алады. Жалақыны айына бір рет, әр айдың 5-күні береміз", - деді Green Bus басқарушы компаниясындағылар әкімге. "Жөндеу жұмыстарына және автобусты бензинмен қамтамасыз етуге жүргізуші ақша шығармайды. Өзіміздің тұрағымыз бар, яғни автобусқа жанармай құйып, оларды жуатын адамдар бар. Жүргізушілердің міндеті - жолаушыларды тасымалдау", - деді Green Bus ЖШС директоры Бауыржан Құлышев.

Сонымен қатар, Байбектің айтуынша, жүргізушілердің демалуға уақыты болуы керек. "Демалу керек. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін керек. Мен бәрін түсінемін, тек күте тұру керек. Бәрі дұрысталады. Green Вus компаниясын да түсінуге болады, олар жаңа автобустарға ақша жұмсап жатыр. Барлығы бірден болмайды", - деді әкім жүргізушіге.

Еске салайық, осыған дейін Алматы автобустарында қолма-қол төлем жасауға болатыны туралы хабарланған болатын. Алматының қоғамдық көліктерінде қолма-қол ақша төлегісі келетіндерге билет алуға мүмкіндік беретін қосымша құрал-жабдық орнатылады. Алайда болашақта жолақы 120 теңгеге өседі де, ал электронды есептесу қазіргі көлемде қалады екен.

Айта кетейік, осыған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы жеке инвесторлардың газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алатынын айтқан болатын. Қалада қазір шамамен 1600 автобус жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети