Алматыда автобусқа маскасыз кірген жолаушылар салоннан шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобусқа маскасыз кірген жолаушылар салоннан шығарылады Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда қоғамдық көліктерде маска тағу режимін бақылау күшейтілді. Ал автобус жүргізушілеріне жолаушыларды маскасыз салонға кіргізбеу немесе оларды түсіріп кету тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көліктерде маска тағу режимін бақылау күшейтілді. Ал автобус жүргізушілеріне жолаушыларды маскасыз салонға кіргізбеу немесе оларды түсіріп кету тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін басқарма қызметкерлері қоғамдық көліктерде рейд жүргізіп, тек ескерту жасай алатын. Қазір мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы.

"Автобустар мен метрода маска тағу қажеттілігі туралы ақпараттық аудиохабарлама жасалады. Жүргізушілерге жұмыс уақытында міндетті түрде маска тағу, маскасыз жолаушыларды салонған кіргізбеу және қажет болған жағдайда түсіріп кету туралы тапсырма берілді. Көлік холдингі қызметкерлері де карантин кезінде санитарлық нормаларды бұзушыларға ескерту жасап, автобустан түсіру туралы тапсырма алды",-делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалада жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылады. Жолаушылар ағымына қарай жүктемесі жоғары 28 бағыт бойынша қосымша автобустар шығарылып, жүру интервалы қайта қарастырылған. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жасалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети