Алматыда автобуспен соқтығысқан прокурор қызметінен кетті

22 Мамыр 2017, 15:33
0
Алматыда автобуспен соқтығысқан прокурор қызметінен кетті -

Алматыда автобуспен соқтығысқан прокурор қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бекзат Бөшен еңбек демалысынан шыққаннан кейін өз қалауымен қызметтен кету туралы өтініш жазды. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс жалғасып жатыр", - деп хабарлады прокуратурадағылар.

Ал осыған дейін Бекзат Бөшен 22 адам зардап шеккен жантүршігерлік жол апатының мән-жайын айтып берген еді. Ер адам "Гелендваген" тізгінінде болған. 

"11 мамырда таңғы 08:00 шамасында әйелімді ауруханаға апарып тастадым, ол жақта әйелімді рентген сәулесімен емдеп жатыр. Қатерлі ісігі бар. Мен еңбек демалысындамын, сол себепті Сарыағашқа барып, демалуды жоспарлап отырғанбыз. Мен көлікті даярлап, Райымбек даңғылының бойында көліктің майын ауыстырдым", - дейді прокурордың көмекшісі. 

Сол кезде оның әйелі қоңырау шалып, тезірек келуін сұраған.

"Мен оң жақтағы кішкентай шағын көшеге бұрылайын дедім. Оң жақта тосқауылдап тұрғандықтан мен ол көлікті өткізіп жібердім, одан кейін автобус жоқ болатын. Жанымда ұлым отырды, оңға бұрдым. Ары қарай жүрейін дегенімде оң жақтан қатты соққыны сездім. Екі-үш секундтан соң есімді жидым, ұлыма қарасам ол қозғалыссыз аң-таң болып отыр. Баламды қолыма алып, сыртқа шықтым, адамдар жүгіріп келді, олар менің қолымнан баламды алып, жақын маңдағы дүкенге алып кірді. Ол қозғалыссыз жатты, мен оған алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жия бастады, сол мезетте жедел жәрдем келді. Біз жедел жәрдеммен бірге баланы бірінші балалар ауруханасына жеткіздік", - дейді Бекен Бөшен. 

Бекен Бөшеннің баласы көліктің алдыңғы орындығында балалар креслосында отырған.

"Ол екіде. Мен бұрылған сәтте автобус болмаған. Оң жақтан жеңіл көліктің өткенін білемін, оны көрдім, оған жол беріп, байыппен оңға қарай бұрдым, қарап едім, ешкім жоқ, осы кезде соққы болды. Оң жаққа бұрылатынымды білдіретін жарықты қостым. Ешқандай дабыл белгісін естімедім. Оң жағымда ұйықтап жатқан баламның өмірін еш уақытта қатерге тікпес едім. Ол қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Нақты айта алмаймын, бірақ 50-60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автобус менің көлігімді 20 метрге дейін ұшырып, кейін бағанға қатты жылдамдықпен келіп соғыспас еді. Сол уақытта сасып қалдым", - дейді прокурордың көмекшісі.

"Соққы менің балам отырған жаққа жасалды. Артқы есік пен алдыңғы тіреуге соғылды. Соққы болған кезде креслодан ұшып кетті. Қазір баламның жағдайын өзім де білмеймін. Апарып тастағаннан кейін қылмыстық қудалау органдары мені алып кетті, түсінік бердім", - деді ол.

Прокурордың көмекшісі отырған "Гелендваген" басқа адамның атында екен.

"Мен жүргізген көлік бауырымның атында. Ол кезінде өзінің досынан сатып алған. Бауырымның атына жазылған. Қазіргі уақытта өзім Mitsubishi Galant көлігімен жүремін. Сол күні мен Шымкентке шығып кетпекші болған едім, Mitsubishi Galant көлігімен бару қиын болғандықтан, одан көлігін сұрап алған едім. Бауырым базарда жұмыс істейді. Ол - бизнесмен", - деп түсіндірді ол көліктің кімдікі екенін.

Бекен Бөшенов 2-17 мамыр аралығында еңбек демалысында екенін айтты.

"Бір ғана айта алатыным: Қазақстан Республикасының азаматтары, мені кешіріңіздер! Мұндайды қалаған жоқпын, автобусты шын мәнінде байқамадым. Оның үстіне оң жағымда балам отырды, баламның өмірін ешуақытта қатерге тікпейтін едім. Кешіріңіздер! Зардап шеккендерге барынша көмектесемін", - деді прокурордың көмекшісі.

Еске салайық, ірі жол апаты 11 мамыр таңғы 10:00-де болған. "Гелендваген" жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығысқа қарай жүріп бара жатып, Потемкин көшесіне бұрылатын тұста жолаушылар автобусына соқытығысқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай