01 ақпан 2016 | 17:36

Алматыда автобустарға арналған жолақ тағы тоғыз көшеге түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cars.ru © cars.ru

Алматыда автобустар мен троллейбустарға арналған арнайы жолақ тағы 61 шақырымға ұзарады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Тілшілердің мәліметінше, Тәттібеков көшесінен бастау алатын жолақ Төле би арқылы Райымбек даңғылы мен "Алтын Орда" базары аралығын қамтиды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобустар мен троллейбустарға арналған арнайы жолақ тағы 61 шақырымға ұзарады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Тілшілердің мәліметінше, Тәттібеков көшесінен бастау алатын жолақ Төле би арқылы Райымбек даңғылы мен "Алтын Орда" базары аралығын қамтиды.

Сонымен қатар, Наурызбай батыр мен Абылай хан, Тимирязев, Сейфуллин мен Сәтбаев көшелеріне түсетін жолақ қоғамдық көліктердің әр бағытта кептеліссіз, еркін жүйіткуіне мүмкіндік бермек. Қаланың ірі 9 көшесіне түсетін сызық көктемде пайда болады.

"2020 жылға дейін 200, 220 шақырымға дейін жеткізіледі. Бірақ оған дейін биыл 61 шақырым қосылған соң, жолаушылар ағыны зерттеп-зерделенеді. Егер жақсы болып жатса. жыл сайын ұзартылып отырады",- деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының маманы Алмас Бүкенаев.

Кептелісті сейілтуге бағытталған жаңашылдық алдымен Абай даңғылына енгізілген еді. Бүгіндері осы көшемен қозғалатын қоғамдық көліктердің бағыты 28-ден 14-ке қысқарып, автобустардың саны 500-ден 300 дейін азайған. Ал, жолаушылар саны керісінше екі есеге артып отыр. Демек арнайы жолақ тұрғындардың қатынауына ыңғайлы болып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети