21 сәуір 2023 13:28

Алматыда автотұрақ ақысы көтеріледі - Досаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автотұрақ ақысы өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.


Алматыда автотұрақ ақысы өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Автотұраққа келетін болсақ: биылдан бастап орындарды анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Әрине, мен қалағандай бұл жұмысты 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек", - деді Досаев.

Ол Алматының әр аудандарында көлік тұрағы үшін төлем әртүрлі болатынын атап өтті.

"Яғни, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болады делік, ол әлі де ойланатын мәселе. Ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады", - деді Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети