19 қыркүйек 2014 | 22:30

Алматыда Award.kz жеңімпаздарының аллеясы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернет-сыйлығы жеңімпаздарының аллеясы мәдениет және демалыс саябағындағы көлдің жағалауында орналасқан. ©Ярослав Радловский Интернет-сыйлығы жеңімпаздарының аллеясы мәдениет және демалыс саябағындағы көлдің жағалауында орналасқан. ©Ярослав Радловский

Алматыдағы орталық саябақта Award.kz ұлттық интернет-сыйлығы жеңімпаздарының аллеясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengrinews.kz жаңалықтар порталының қызметкерлері 2011, 2012 және 2013 жылдары үш мәрте бас жүлдені жеңіп алғанғандықтан қолдарына күрек алып, үш шырша отырғызды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы орталық саябақта Award.kz ұлттық интернет-сыйлығы жеңімпаздарының аллеясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengrinews.kz жаңалықтар порталының қызметкерлері 2011, 2012 және 2013 жылдары үш мәрте бас жүлдені жеңіп алғанғандықтан қолдарына күрек алып, үш шырша отырғызды.

Бұл идея осыдан үш жыл бұрын туындаған. Award.kz ұлттық интернет-сыйлығы Қазнетте осымен 12 жыл қатарынан өткізіліп отырған жалғыз байқау. Біз орталық саябақ пен қаланың табиғатты қорғау басқармасынан аллея үшін жер сұрадық. Сол арқылы жыл сайынғы жеңімпаз сайттарға қосымша жарнама жасауға мүмкіндік бердік. Тақталар планшет түрінде жасалды. Соңғы үш жылда бас жүлдені Tengrinews.kz иеленіп келеді және бұл сайт онжылдықтың сайты деп те танылды. Сол себепті оларға бір емес үш бірдей шырша отырғызуға құқық берілді. Ал егер Tengrinews.kz тағы екі рет жеңімпаз атанып, жыл сайты деп танылатын болса, онда біздің Кубок ол команданың ресурсына толықтай өтеді. Ал оған ақпарат порталының шамасы жеткілікті", - деді Award.kz интернет-сыйлығының төрағасы Константин Горожанкин.

Көшеттер отырғызылып біткеннен кейін құрамына осы Tengrinews.kz сайты кіретін "Алаш медиа групп" холдингінің директоры Батыр Қазыбаев "сайтты жетілдіргеннен гөрі көшет отырғызған әлдеғайда жеңіл" - деп қалжыңдады. "Әрине біз өзіміз отырғызған көшеттерге көңіл бөліп тұрамыз. Біздің сайт өте жас. Бұл шыршалар біздің командамыздың жұмыла істеген жұмысының жемісі", - деді Қазыбаев.

Бүгін, қыркүйектің 19-ы күні Қазнетке 20 жыл толды. Горожанкиннің сөзіне қарағанда, 2003 жылы Award.kz-тің бас жүлдесі бірде бір сайтқа берілмеген. Ал кейін жеңіске жеткен екі сайт бүгінде жұмыс істемейді. Алғашқылардың бірі болып жеңімпаз атанған navi.kz сайттың атауы қазірде zonakz.net болып өзгерген. 

2005 жылы "Ең үздік сайт 2005" атағы mobi.kz-ке, одан кейінгі жылы bistro.kz командасы жеңіске жетсе, ал 2007 жылғы бас жүлдені sports.kz сайты, 2008 жылғы ең үздік сайт болып mycity.kz, 2009 жылы vrt.kz, 2010 жылы yvision.kz блог-платформасы осы интернет-сыйлығының жүлдесін иеленген. Ал соңғы үш жылда Tengrinews.kz. алдына ешкімді жіберген емес.

Еске саламыз, Award.kz ұлттық интернет-сыйлығының қазылар алқасы әр жылдың күзінде жылдың ең үздік сайтын анықтайды. Биыл Award.kz интернет-сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қараша айында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети