Алматыда аялдамалардың автобус тоқтайтын орны неге алынып жатыр? Әкімдік жауап берді

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аялдамалардың автобус тоқтайтын орны неге алынып жатыр? Әкімдік жауап берді Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда Абай даңғылындағы аялдамалардың автобус тоқтайтын орындары алынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Абай даңғылындағы аялдамалардың автобус тоқтайтын орындары алынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматылықтар "оларды алып тастаудың не қажеті бар" деп таңғалды. Азаматтар бұл қоғамдық көлікті пайдаланушылар үшін қауіпті болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Алматыда аялдамалардың автобус тоқтайтын орындарының неге алынып жатқандығын әкімдік түсіндірді.

Алматы қаласы Қалалық мобильді басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта Абай даңғылының бойында Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол көлік оқиғасы кезінде өлім-жітім мен жарақаттану жағдайларының санын азайту мақсатында "нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін" жолдарды өзгерту көзделген.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында Vision Zero іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, жаяу жүргіншілер жолын жабдықтау, нормативтік талаптарға сай келмейтін қолданыстағы автотұрақтар мен аялдаманың автобус тоқтайтын орнын қайта ұйымдастыру жоспарланып жатыр.

"2012 жылы Абай даңғылының бойында өткен орташа жөндеу жұмыстары кезінде автобус жолағы болмағандықтан, соны ескере отырып аялдама орындарын салынған. Алайда, BRT (жүрдек қоғамдық көлік) жүйесін енгізумен, автобус жолағын оқшаулаумен және жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аялдама орындарын қайта құру туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады қалалық мобилділік басқармасы.

Әкімдік бұл шаралар автобустардың бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз ететінін, бұл "қоғамдық көліктің тиімділігін арттырып, көлік кептелістердің санын азайтатынын" мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети