26 маусым 2023 | 16:19

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға апарып тастаған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Кадры из видео

Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған күдіктінің қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған күдіктінің қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және И. есімді ер адамға қатысты қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін, 2023 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартуға санкциясы берілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осы жылдың 12 сәуірінде Алматыдағы базарға белгісіз ер адам әйелдің басы салынған сөмкені қалдырып кеткен болатын. Оқиға Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарында болды. Полицияның мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесіндегі саябақтан табылған.

Реклама
Реклама

24 сәуірде полиция 1962 жылы туған күдікті ер адамды ұстағаны белгілі болды. Күдікті марқұм әйелмен бірнеше күннен бері таныс екені, ал қылмысты олар сөзге келіспей қалған сәтте жасаған болуы мүмкін екені анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная