12 сәуір 2023 17:24

Алматыда қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бұл жағдай Станкевич көшесі бойындағы Алматы-1 базарында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бұл жағдай Станкевич көшесі бойындағы Алматы-1 базарында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа ғана ер адам Шолохов базарындағы бутикке кіріп, пакет қалдырып кетті. Сатушы жүгіріп шығып, пакетті бергісі келгенімен, ол кетіп қалған. Пакетті ашқанда қыздың басы болған. Жағдайды анықтауға полиция келді. Дәл бүгін ол бутиктегі камераны қоспаған екен", - делінген Желідегі жазбада.

Полиция басы кесілген әйелді кім өлтіргенін іздеп жатыр. 12 сәуірде сағат 8:40-та 102-ге Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерген. Әйелдің басы кесілген.

"Оның жеке басы анықталды. Ол 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін әйелдің басы жақын маңдағы сауда нүктелерінің бірінен табылды", - делінген полиция мәліметінде.

Түрксіб ауданының Полиция басқармасында осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети