29 тамыз 2023 18:21

Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған айыпталушының тағдырын алқабилер шешеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Айнаш Өндіріс Фото ©Айнаш Өндіріс

Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған айыпталушының сот ісі алқабилердің қатысуымен өтеді. Бұл туралы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алқабилер құрамы 22 тамызда анықталған.


Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған айыпталушының сот ісі алқабилердің қатысуымен өтеді. Бұл туралы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алқабилер құрамы 22 тамызда анықталған.

Істі судья Мартпек Кәкімжанов қарайды.

Соттың алғашқы отырысы 29 тамызға белгіленген еді. Алайда, сот хатшысының айтуынша, екі алқаби бұл процеске жеке себептермен қатыса алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сотталушының өзі тергеуге сенімсіздік білдіріп, сотқа алқабилердің қатысуын талап еткен еді. Сотталушыға әйелді өлтіріп, басын кесіп Станкевич көшесінде орналасқан базардағы шұжық дүкенге лақтырған деп айып тағылды. Әйелдің басы биыл 12 сәуірде, ал денесі жақын маңдағы саябақтан табылған.

Кісі өлтірді деген айыппен әйелдің танысы - Айнабұлақ шағынауданының 61 жастағы тұрғыны ұсталды.

Прокурор сот процесінде жариялаған айыптау актісінің ақпаратына сәйкес, сотталушы жәбірленушімен Алматының Түрксіб ауданындағы Шолохов саябағында танысып, оған жұмыс пен тұруға орын ұсынған. Әйелде алкогольмен мәселе болған деген болжам бар.

Айыптау құжаты бойынша, ер адам бірге тұратын әйелін таңғалдыру үшін қатыгездікпен өлтіруді алдын ала ойластырған. Тіпті кесілген мүшелерді саламын деп пышақ пен сөмкелерді алдын ала дайындаған көрінеді.

"11 сәуірде қылмыстық ниетін іске асыру мақсатында И. Айнабұлақ шағынауданындағы үйден шығып, пышақ пен жәбірленушінің органдарын салуды көздеп, пакетті алдын ала дайындап, алаңға бет алған. Азамат И. сағат 20:30 шамасында А.-мен кездесіп, өзінің қылмыстық жоспарын жүзеге асырған. Ол бірінші пышақты алып, әйелдің мойнын жаралап, артерияларын зақымдаған. Әйел екі минут ішінде қайтыс болған. Азамат басын кесіп алып, оны алдын-ала дайындалған пакетке салған", - деді прокурор Мақсат Кеңес.

Іс материалдарына сәйкес, келесі күні қоғамда резонанс тудыру үшін сотталушы өлтірген адамның басын адам көп жиналатын жерге - шұжық пен ірімшік дүкеніне апарған. Осылайша, ер адам білдірген көңілін қабылдамағаны үшін сатушыдан кек алды.

Бірнеше күннен кейін полиция күдіктіні ұстады.

Бұған дейін сотталушы прокурорға қарсылық білдірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети