Алматыда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырған оқиға болды. Желіде тарап жатқан видеода ер адамның тұрғын үй кешенінің бірінің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған сәті түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырған оқиға болды. Желіде тарап жатқан видеода ер адамның тұрғын үй кешенінің бірінің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған сәті түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қарашада сағат 23:30 шамасында Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда кіреберісте тұрған ер адамның сырттан кірген қыздың артынан еріп, күтпеген жерден шабуыл жасағанын көруге болады. Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады. Шабуыл кезінде қыз барынша ер адамның қолынан сытылып шығуға тырысады және соңында қашып құтылады.

Алматының құқық қорғау органдары оқиға дерегін растап, тергеуді бастады. Полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

"Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети