Алматыда айыппұл мен алимент төлемейтіндерді “іздеу“ басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда айыппұл мен алимент төлемейтіндерді “іздеу“ басталды Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция айыппұл мен алимент төлемей жүрген азаматтарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция айыппұл мен алимент төлемей жүрген азаматтарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 12-14 наурыз аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараны Алматы қалалық полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:

  • Салық бойынша өтелмеген, төленбеген айыппұлдары, алименттері бар адамдарды анықтау.
  • Көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтау.
  • Жалған тіркеу нөмірлері бар көліктерді пайдалануды болдырмау.
  • Сот қаулысымен және сот орындаушыларымен шектеу қойылған көліктерді анықтау.

Әрекет ету шаралары:

  • Берешегі анықталған адамдар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
  • Ереже бұзған көліктер анықталып, айыппұл тұрағына орналастырылады.

Полиция кеңесі:

  • Салық, айыппұл және алимент бойынша қарыздарды уақытылы өтеу.
  • Көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтаңыз.
  • Іс-шара аясында құқық қорғау органдары мен сот орындаушыларына көмек көрсету.

Полиция қала жолдарында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети