Алматы облысының полицейлері жоғалып кеткен студент Айзада Авлатарованы табуға көмектескен тілшілер мен еріктілерді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оларға мақтау қағаздары, қол сағаттары мен басқа да сыйлықтар табысталды. Соның ішінде, Константин Авершин, Расул Баратов, Данияр Фафролов, Бақыт Қарабалаева ерекше атап өтілді.

"Еріктілер мен блогерлерге ерекше алғыс айтқымыз келеді. Еліміздегі әрбір жан Айзаданың жағдайына алаңдаушылық білдірді. Қоғамның назары біздің полицейлерге екі есе жауапкершілікті сезіндірді. Қуанышқа орай, қыз аман-есен табылды", - деді генерал-майор Мұрат Үрімханов.
Сонымен қатар, ол Игорь Токаревке қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының барысы туралы да айта кетті. Полицейлердің мәліметінше, күдікті бұған дейін төрт рет сотты болған. Олардың ішінде зорлау, тонау, адам ұрлау мен ұрлық бар. Соңғы рет ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, 2006 жылы босап шыққан екен. Қазір Токаревтің осыған ұқсас тағы 4 қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
© Алматы облысы ІІД
Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.