© Tengrinews.kz
Алматыда бағдаршамдар істен шықты. Қаладағы қозғалысты 400 полицей реттеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда бағдаршамдар істен шықты. Қаладағы қозғалысты 400 полицей реттеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жалғасы
"Ақпарат түскеннен кейін алғашқы минуттарда әкімшілік полиция мамандандырылған батальонының жол-патрульдік полиция қызметкерлері Алматының барлық қиылыстарын қолмен реттеуге көшті.
Бірінші кезекте орталық магистральдар жабылды. Экипаждар екінші дәрежелі көшелерге қойылды. Реттеуге жол-патрульдік полициясының 400-ге жуық қызметкері жұмылдырылған. Қазір жол жағдайы тұрақты, ЖКО тіркелген жоқ", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.