Алматыда бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы ҰҚКД және қалалық ПД қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі.

"Бұл қылмыс кейінгі бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген. Қаскөйлердің негізгі мақсаты әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді бала сатып алғысы келген адамдарға заңсыз жолмен беру болған", - деп жазылған хабарламада.

Күдіктілер жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сатқысы келген. Олар ақша алу кезінде, яғни қылмыс үстінде ұсталды. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіледі", - деді Алматы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети