Алматыда мектеп жасына дейінгі балалар мен қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің өсуі байқалады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда мектеп жасына дейінгі балалар мен қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің өсуі байқалады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймақта тұр.
"Өткен тәулікте қалада ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 341 науқас анықталды. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтыру үш есе және қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында төрт есе өскені байқалады. Ата-анаға алдын алу шараларының маңыздылығы туралы баламен түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылады", - деді әкімдік өкілдері.
65 жастан асқан және созылмалы аурумен ауыратын адамдарға коронавирус инфекциясын жұқтыру әлі де қауіпті. Оларға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес беріледі.
"Сондай-ақ, 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында инфекция жұқтыру дерегі өскені байқалды. Қоғамдық мекемелерден басқа, жеке секторда адамдар көп жиналады. Отбасылық іс-шараларға, үйлену тойларына, еске алу жиындарында болған адамдар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы әлі де тіркеліп жатыр", - деп толықтырды әкімдік өкілдері.
Мониторингтік топтар бизнес нысандарындағы заңбұзушылықты анықтап жатыр. Аудан әкімдіктері жанындағы мониторингтік топ басшылары ұсынған материалдар бойынша 21-24 наурыз аралығында 92 рейд жүргізілді, 1080 нысан, оның ішінде 233-нен белгіленген жұмыс режимі бұзылғаны анықталды және эпидемияға қарсы талаптар сақталмаған. Сонымен қатар, 29 заңбұзушылық 24-25 наурыз аралығында анықталды. 233 кәсіпкер нысанына айыппұл салынады. Карантин шараларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 772 хаттама толтырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!