13 қараша 2020 | 13:42

Алматыда балалар қандай жағдайда мектепте оқи алатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов/TENGRINEWS ©Тұрар Қазанғапов/TENGRINEWS

Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов балалар қандай жағдайда мектепте оқи алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов балалар қандай жағдайда мектепте оқи алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, оқу орнына созылмалы аурулары жоқ балалар ғана жіберіледі.

"Бүгінгі таңда 24 мектептің бесінші сынып оқушыларының ата-аналарынан кезекші сыныптарда оқу құқығына 578 өтініш келіп түсті.

Мектеп оқушыларын оқыту формасын ата-аналар немесе заңды өкілдер таңдауға құқылы.

Ата-аналар балалардың қоғамдық ортада болатынын түсінуі тиіс және олардың тарапынан инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау бойынша барлық шара қабылдануы керек. Ата-аналар баласын оқу күні басталғанда есіктен кіргізіп, оқу күні аяқталғаннан кейін есіктен күтіп, алып кетеді. Мектептер дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген", - деді Қайрат Жұманов.

Ол Алматыда бірінші тоқсанда 26 оқушы коронавирус жұқтырғанын, оның екеуі кезекші сыныптарда оқығанын атап өтті.

Қайрат Жұманов әкімдік желтоқсанағы мерекелерді атап өтуді қалай жоспарлағанын да айтты.

"Шынында, желтоқсан мемлекеттік мерекелерге толы - Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас дәрігердің қаулысымен кез келген бұқаралық шараға тыйым салынаған. Сондықтан білім басқармасы ұйымдастырған іс-шаралар болмайды. Іс-шараларды өткізу үшін онлайн-формат пайдаланылады, кезекші сыныптарда оқитын балалар үшін сынып сағаттары өтеді, толығырақ ақпарат басқарма сайтында жарияланады. Қала әкімінің шыршасына келетін болсақ, бұл мәселе қаралып жатыр, әзірге нақты ақпарат жоқ", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, алматылық кейбір оқушыға екінші тоқсаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына көшуге рұқсат берді.

Екінші тоқсанда 300-ге жуық оқушысы бар мектептердің жұмысына рұқсат берілді. Бір сыныпта 15 адамнан аспауы тиіс. Мұндай жағдайда 1-11 сыныптар оқу орындарына орала алады. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети