“Алматыда балаларды қалдықпен тамақтандырған“: арнайы комиссия видеодан кейін мектепке барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Алматыда балаларды қалдықпен тамақтандырған“: арнайы комиссия видеодан кейін мектепке барады Midjourney

Алматы мектептерінің біріндегі асхана тексеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мектептерінің біріндегі асхана тексеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық тұрғын Tengrinews.kz-тің Telegram-арнасына мегаполистегі жалпы білім беретін мектептердің бірінің асханасында түсірілген видеоны жіберді. Әйелдің айтуынша, мектепте балаларды "қалдықтар және бұзылған өнімдермен" тамақтандырады.

Видеода әйел тоңазытқыштардағы желінбеген тамақтарды, сондай-ақ котлеттер салынған пакеттерді көрсетеді.

TikTok-та жарияланған тағы бір видеода бұрын желінбеген және мұздатылған котлеттерді табаға салып, оларды қайта қыздырып, балаларға берілетіні айтылған.

Видеоны зерттегеннен кейін Алматы білім басқармасы аталған мектепке арнайы комиссия барғанын хабарлады. Сондай-ақ шенеуніктер тамақ қалдықтары арнайы жинау орындарында, мектеп асханасының шыға берісінде орналасқан бөлмелерде жиналуы керектігін атап өтті.

"Басқарма видеода көрсетілген барлық жайттарды зерттеу және анықтау үшін сапалы тамақтануды бақылау бойынша ведомствоаралық топтың жұмыс комиссиясы оқиға орнына барды деп хабарлайды", – деді білім басқармасында.

Сондай-ақ ведомство барлық мектепте комиссиялар құрылғанын, олардың құрамында мектеп әкімшілігінің өкілдері, әлеуметтік педагог, медицина қызметкері және ата-аналар қоғамдастығының мүшелері бар екенін атап өтті. Берілетін тағамдардың сапасын тексеру бракараждық комиссиямен айына екі рет, ал мектептің медицина қызметкерімен күн сайын жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети