Алматыда балаларды құтқарамын деп 9-қабаттан құлап кеткен полицейдің жағдайы ауыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балаларды құтқарамын деп 9-қабаттан құлап кеткен полицейдің жағдайы ауыр

Жасөспірімдерді өлімнен құтқарамын деп салынып бітпеген көпқабатты үйдің төбесінен құлаған полицейдің жағдайы ауыр. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауруханаға әріптесіме, Алатау аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторына, полиция капитаны Темірбек Махкамовичке барып келдім, ол 2021 жылы 28 ақпанда қызметте жүріп "Зерделі" шағынауданындағы аяқталмаған тоғыз қабатты үйдің төбесінде ойнап жүрген жасөспірімдерді тоқтатуға тырысып, 9 қабаттың шатырынан құлап кетті", - деді Таймерденов.

Ол капитан Халмырзаевқа күрделі операция жасалғанын айтты.

"Оның жағдайы әлі де ауыр, реанимацияда. Оның өмірі мен денсаулығы үшін тәжірибелі дәрігерлер күріп жатыр. Полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы әріптесіне алаңдап отыр, олар сауығып кетуіне үміттенеді. Темірбек Халмырзаевтың отбасына қажет көмек көрсетіліп жатыр", - деді Алматы полициясының басшысы.

Еске салайық, Алматыда полицей жасөспірімдерді құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің 9-қабатынан түсірмек болып, өзі құлап кеткен болатын.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети