Алматыда баланы ұрып жіберген интернат тәрбиешісі видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда баланы ұрып жіберген интернат тәрбиешісі видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Алматыда баланы шымшылап, оны бетінен ұрып жіберген интернат тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда баланы шымшылап, оны бетінен ұрып жіберген интернат тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 1 қыркүйекте, дүйсенбіде жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған №10 жалпы білім беретін интернатта болған.

Тәрбиеші үш оқушыны тақтаға шығарып, сыныптастарының көзінше айғайлай бастаған. Тіпті бір оқушының қолынан жұлқылап, бетін шымшып, ұрып жіберген.

"Біздің өзіміз есеңгіреп қалдық. Мектеп директоры бұл жайлы кеше ғана естіп, бірден шаралар қабылдады. Тәрбиеші педагогикалық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды. Әйел өз кінәсін мойындады. Баланың ата-анасы шағым түсірген жоқ. Қазіргі уақытта білім басқармасындағылар жедел жиын өткізіп жатыр. Интернаттың жұмысы бақылауға алынды", - деп хабарлады Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Айтқұлова.

Тәрбиешілердің мұндай әрекетіне жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі себеп екені айтылады. Айтуларынша, осы қызметке жақсы маман табу қиын, себебі тәрбиешінің жалақысы өте аз және ондай жалақыға барлығы келісе бермейді.

Айта кетейік, №10 жалпы білім беретін интернат жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға білім беретін екі оқу мекемесінің бірі. Мектепте шамамен 200 оқушы бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети