Алматыда банк қызметкері алаяқтарға алданып қалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы полицейлері банктердің бірінің қызметкерлерін алдаған алаяқтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері банктердің бірінің қызметкерлерін алдаған алаяқтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы бірнеше айыпталушыдан тұратын және шетелде тамыр жайған заңсыз әрекеттер тізбегін анықтады. Бұл тізбектің мәні адамдарды алдау арқылы мүмкіндігінше көп ақша табу болған. Алданғандардың арасында екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері де бар.

"Оның мессенджеріне құқық қорғау органдарының өкілдері банк пен оның қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізіп жатқанын және ол олардың нақты нұсқауларын орындауы керек деген хабарламалар келе бастаған. Кейінірек олар кибершабуыл болғанын және алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін барлық қолданыстағы шоттан ақшаны алып, содан кейін сенімді адамдарға аудару қажеттігін хабарлаған. Осы нұсқауларды орындаған әйел шотынан 4 миллион теңге мен 10 мың долларды шешіп алған. Ол ақшаны курьерге беріп жіберген", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Алаяқтардың құрбанына айналғанын түсінген әйел полициядан көмек сұрады. Курьер дереу ұсталған. 19 жастағы жасөспірім бұл әрекеттің қылмыстық сипатын білетінін мойындады: жұмыс берушілер оған жәбірленушілерден алған соманың 1 пайызы көлемінде сыйақы беріп отырған.

"Курьер ақшаны аударған шоттарды анықтадық. Олардың ізі шетелде табылды. Айтпақшы, қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуға қатысқан үш адам ұсталды. Қазір олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесі анықталып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды", – деді Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro