Алматыда барлық аулаға камера орнату жоспарланып отыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда барлық аулаға камера орнату жоспарланып отыр Фото: elements.envato.com

Алматыдағы барлық аулаға бейнекамера орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, сарапшылар, қала әкімі Ерболат Досаев қатысқан кездесуде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы барлық аулаға бейнекамера орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, сарапшылар, қала әкімі Ерболат Досаев қатысқан кездесуде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды талқылау барысында Ерболат Досаев қаладағы қауіпсіздікті жақсарту үшін не істеу керек екенін айтты. Оның айтуынша, ол үшін қаланы толығымен бейнебақылаумен "қамту" қажет.

"2025 жылға дейін барлық көше мен ауланы жасанды жарық, ал 2030 жылға дейін Полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығатын бейнекамералармен қамтамасыз етеміз", - деді әкім.

Сондай-ақ, адам көп жиналатын жерлерде "SOS дабыл батырмасы" жедел аудио/бейне қоңыраулар жүйесі орнатылады.

Жол қауіпсіздігін жақсарту және өлім-жітімді азайту үшін жолдарға тағы 7,5 мың камера орнату жоспарланып отыр. Нақты уақытта трафикті талдау үшін көлік ағынының онлайн картасы жасалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети