Алматыда бас шырша жағылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бас шырша жағылды

Алматыда 20 желтоқсанда бас шырша жағылды. Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы "Астана" алаңында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 20 желтоқсанда бас шырша жағылды. Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы "Астана" алаңында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі - 20 метр. Шыршаны жағу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, сондай-ақ, эстрада жұлдыздары қатысты.

Алматы әкімдігінің ақпараты бойынша, 21-30 желтоқсан аралығында ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралар ресми түрде басталды, оның қатарында "Жаңа жылдық керуен" де бар.

"Алматы қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктері керуені күтіп тұр: декорациялар, мыңдаған иллюминация, жарық шоулары, фотоға түсетін орындар мен үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі. 30 мың метрден аса жарық гирляндалар, шамдар мен қызық дизайн ешкімді бейжай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады", - деді әкімдік қызметкерлері.

Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, мегаполистің барлық сегіз ауданында жүзден аса фотоға түсуге арналған орын жасалған, олардың ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңажылдық басқа да элементтер бар.

Коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб қарқынды санитарлық – эпидемиологиялық жағдайға және омикрон штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтау қажет екенін еске салады. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Алматылықтарға вакцина салдыртуды жалғастыру, ал бұрын алғандарды қайта ревакциналау керек екені айтылды. Вакцина салатын пункттер жұмысын жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети