Алматыда басына оқ тиген ер адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда басына оқ тиген ер адам ауруханаға түсті

Алматының №4 қалалық ауруханасында ауыр жараланған ер адам аман қалды. Дәрігерлер оған күрделі операция жасап, науқастың бассүйегінен оқ алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап.

16 шілдеде №4 ҚКА қабылдау бөліміне 38 жастағы ер адам түскен. Оны жедел жәрдем бригадасы жеткізген. Ер адамның сол жақ маңдайы мен самай жағы қансырап тұрған. Науқас басының айналып, сол жақ көзі нашар көріп тұрғанын айтқан. 

Дәрігерлер оның миы зақымданғанын және бөгде зат, яғни оқ кірген сол жақ самайы мен маңдай бөлігі сынғанын анықтады. 

"Жарадан қан кеткендіктен ер адам шұғыл түрде анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Операция 2 сағат 50 минутқа созылды. Бас сүйегінен оқты шығару - күрделі жұмыс. Нейрохирургтер мидың зақымдану қаупін және оның маңызды функцияларын ескерді. Дәрігерлер операциядан кейін ағзаның барлық мүшесі мен жүйелерінің жұмысын барынша қалпына келтіруге ниетті", - деді №4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Тимур Айтмұханов.

Ота сәтті өтті, науқас есін жиды. Операциялық бригаданың құрамында дәрігер оператор Тимур Айтмұханов, ассистент Бауыржан Бекбаев, анестезиолог Асқар Сандыбаев және операциялық медбике Рашида Тұрдахунова болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети