Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда Батырхан Шүкеновтің атындағы аллея салу ұсынылды

04 Мамыр 2015, 11:06
0
Батырхан Шүкенов. ©Айжан Түгелбаева
Батырхан Шүкенов. ©Айжан Түгелбаева

Алматыда Батырхан Шүкеновтің атындағы аллея салу ұсынылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы жобаның бастамашысы Сергей Терещенко айтып берді. Еске салайық, Батырхан Шүкенов 29 сәуірде 52 жасында қайтыс болған еді. 

Терещенконың айтуынша, мұндай бастаманы олар Батырхан Шүкенов дүниеге келген Қызылордада салуды әкімдікке ұсынады. "Мен жерлеу рәсімінде болдым және қанша адамның келгенін, адамдардың оған деген қандай құрмет көрсететітінін көрдім. Қазір ұсыныс көп - ескерткіш қою, көшеге оның атын беру, бұл дұрыс, меніңше", - деді жоба авторы. 

Оның айтуынша, Алматы билігі Алатау ауданында саябақ салады. Сол жақта, Терещенконың пікірінше, танымал музыканттың атындағы аллея салынбақшы. Ол бұл саябаққа гитара, саксофон алып келетін музыканттардың Шукеновтің әндерін орындауға жиналатынын айтты. Терещенко аллеяға ағаш отырғызуды 2015 жылдың күзінде бастамақ. Жоба бастамашысының айтуынша, жыл сайын емен ағашының, жөке ағашының және қарағанның шамамен миллион түбін өсіріп, оларды қалағандарға сыйлау жоспарланып отыр. Мәселен, 2014 жылы шамамен тоғыз мыңға жуық ағаш отырғызды.

Осыған дейін әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаевамен бірге бір ұжымда саксофоншы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған "А'Студио" тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай