Алматыда Байзақов көшесі уақытша жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Байзақов көшесі уақытша жабылады Сурет: usolie.info

Алматыда Байзақов көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Байзақов көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көше-жол желісін зерттеу қорытындысы бойынша орташа жөндеу жоспарына Байзақов көшесі енгізілген.

"29 тамыз сағат 23:00-ден 30 тамыз сағат 06: 00-ге дейін Байзақов көшесі бойымен Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сурет: Tengrinews.kz

Жабық учаскені Әуезов, Сәтбаев, Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы айналып өтуге болады.

"Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің екі экипажы жұмылдырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жол жүру бағытыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз", - деп толықтырды әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети