Алматыда Байзақов көшесі уақытша жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Байзақов көшесі уақытша жабылады Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Байзақов көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Байзақов көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 30 тамызда сағат 23:00-ден 31 тамыз 6:00-ге дейін Байзақов көшесінде Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысын толық жауып, жол жамылғысын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жабық учаскені айналып өту Әуезов көшесі, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесі және Тимирязев көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және көшелердің осы учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыру мақсатында патрульдік полиция полкінің екі бригадасы жұмылдырылады.

"Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Маршрутты алдын ала реттеп алуларыңызды сұраймыз", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети