Алматыда "Ақсай нан", "Рузи нан", "Алматы нан", "Алматы ашытқы зауыты" сынды ірі тағам кәсіпорындарының жұмысы қалыпқа келіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Олар жұмысын тоқтатпады, қызметін бұрынғы көлемде жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.
Бүгіннен бастап "Барыс", "Алматы 1" және "Арыстан" базарлары ашылды.
"Қазіргі уақытта 44 жанармай құю бекеті ашық, тағы 25-і ашылуға дайындалып жатыр. Жанармей мен дизель отынының бағасы бұрынғы қалыпта. Газ литріне 70 теңгеге дейін арзандады", - деді басқарма өкілдері.
Ақпарат бойынша, тәртіпсіздіктер барысында қалада 15 дәріхана зардап шеккен. Жалпы Алматыда 900 дәріхана бар, олардың 264-і дәріханалар желісіне кіреді. Бүгінде 70 желілік, 40 бөлшек сауда дәріхана ашық. 107 дәріхана 8:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеп тұрғаны да хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!