19 сәуір 2023 | 10:00

Алматыда базар иесі саудагерлерден бес миллион теңге талап етіп отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ірі базарлардың бірінің саудагерлері бір күнге контейнерлерін жауып, жұмыс істеуден бас тартты. Олардың айтуынша, жазда сауда нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Ал оның ақшасын базар басшысы осындағы кәсіпкерлерден бір айдың ішінде өндіріп алмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы ірі базарлардың бірінің саудагерлері бір күнге контейнерлерін жауып, жұмыс істеуден бас тартты. Олардың айтуынша, жазда сауда нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Ал оның ақшасын базар басшысы осындағы кәсіпкерлерден бір айдың ішінде өндіріп алмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Алматыдағы базардың 100-ге жуық сатушысы сауданы тоқтатып, наразылыққа шыққан.

"Базарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бізден 10 мың доллар бопсалау дұрыс емес, өйткені мен жай ғана жалға алушымын. Нысанның иесі емеспін. Жөндеуді қожайын өз есебінен төлеп, жасауы керек. Біз архитектуралық жоспарды көрмедік және білмейміз. "Несие алыңыз, шамаңыз жеткенше мәселені шешіңіз. Ақшаны қайдан тапсаңыздар, одан табыңыздар” деп отыр", - дейді кәсіпкер Айнаш Байымбетова.

Жалға алушылар директор тіпті қоқан-лоқы көрсеткенін айтады. Жөндеуге ақша бермейтіндердің бәрін қуып шығамыз деген. Ал көптеген саудагерлерде мұндай ақша жоқ.

"Базарға жөндеу жүргізу үшін 10 миллион және одан да көп ақша талап етіліп жатыр. Халықтың мұндай ақшасы жоқ. Неліктен қарапайым халық базарға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек? Бұлар тіпті бізді бопсалады. Халық өтірік айтпайды. Дұрыс па?", - деп түсіндірді саудагер Елена Сәдуақасова.

"Кенжехан" базарында жеті гектарға жуық аумақта 1,5 мыңнан астам бутик бар. Ай сайын саудагерлер орын үшін 50 мың теңге, контейнер иелері 200 мыңға жуық теңге төлеуге міндетті. Енді базар иесі жалға алушылардың есебінен күрделі жөндеуді бастады. Базар директоры наразы саудагерлерге жауап берді. Оның айтуынша, жөндеу жүргізуді шенеуніктер талап еткен. Ал оның күрделі жөндеу жүргізуге ақшасы жоқ.

"Үкімет базарды жаңарту туралы шешім шығарып, бірақ қаржыландыру мәселесін шешпеген. Бәрі жұмыста қалады. Бөліп, бөлшектеп жасаймыз. Біз үкімет ақша береді деп ойладық. Олар үш миллиард береміз деген. Бірақ бұл ақша жоқ", - деп мәлімдеді "Кенжехан" базарының басқарушы директоры Ардақ Тәжиев.

Келіссөз нәтижесіз аяқталды. Директор өз айтқанында қалды. Әкімшілік жөндеу кезінде базар жабылмайтынын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети