21 тамыз 2019 | 19:10

Алматыда білім министрінің акциясы жалғасын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимараты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимараты

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында қайырымдылық жасады. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында қайырымдылық жасады. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.

Оның айтуынша, оқу орны  аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  оқушыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешекпен қамтамасыз етті. Мұндай көмек 40-қа жуық отбасыға көрсетілген.

"Бір бұл ғана емес. Университет басшылығының қолдауымен "Бақытты отбасы - Алматы" қоғамдық қорына қаражат аударылды. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының бастамасымен құрылған қор тұрмысы төмен көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу мақсатында құрылған", - деп атап өтті Ж. Асан.

Осы орайда айта кетейік, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымдылық жасауға шақырған болатын.

"Алдымызда жаңа оқу жылы келе жатыр. Сәйкесінше, оқушыларымызға оқу құралдары мен мектеп формасы қажет екенін білесіздер. Осы мәселені шешу үшін жыл сайын еліміздің барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. 

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. Бұл тек жылына бір рет ұйымдастырылатын акция болғандықтан, Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасына сәйкес, осы акцияға жаңашылдық енгізілді. 
Бұдан былай, "Мектепке жол" акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады", - деп жазды министр Фейсбук желісінде.

Ведомство басшысы мемлекеттік қызметкерлерді, бизнесмен-меценаттарды және жоғары оқу орындарының ректорларын қайырымдылық шарасына қатысуға шақырған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети