11 мамыр 2020 10:46

Алматыда блокбекет маңында жиналған жұрт видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Алтын Орда" базарының маңындағы блокбекетте түсірілген видео пайда болды. Кадрына қарағанда, Алматы облысының тұрғындары қалаға кірер алдында төтенше жағдай режимін алып тастаудың алғашқы күні карантин жарияланған Алматыға кіргісі келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-да dorogi_almaty_official паблигінде пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от +21 | ALMATY | QAZAQSTAN ?? (@dorogi_almaty_official)

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі роликке қатысты түсініктеме берді.

"Алтын Орда" базарының жанындағы блокбекетте таңертең адам көп жиналған. Қоғамдық тәртіп бұзылмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 блокбекеттер бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтінін түсіндірді. Карантин жарияланған Алматы шекарасы жабық. Қазір блокбекеттегі жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 11 мамырдан бастап Қазақстанда ТЖ режимі алып тасталды, алайда карантин шаралары сақталады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети