ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2020 | 12:35
Алматыда блокбекеттегі жол апаты: зардап шеккен үшінші полицейге ота жасалды
Алматыда блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің бассүйегіне ота жасалды. Қазірі оның жағдайы ауыр, тыныс алдыру аппаратына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің бассүйегіне ота жасалды. Қазірі оның жағдайы ауыр, тыныс алдыру аппаратына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты.
Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым № 7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.
"Оған жабық бассүйек ми жарақаты, ми жарақатының ауыр деңгейі, миға қан кету диагнозлары қойылды. Сол жақ бет сүйегі зақымданған. Белі, аяқ жағы зақымданған", - деді № 7 клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ильдар Құрмаев.
Оның айтуынша, полицейге екі рет ота жасалған.
"26 мамырдағы жағдай бойынша науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Бүгін тағы да томографияға түсірілді. Науқас тыныс алдыру аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімінде интенсив терапия алып жатыр", - деді дәрігер.
Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: видеобақылау камерасындағы суреттер жарияланды
Еске салайық, кеше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также