Алматыда блокбекеттегі жол апаты: зардап шеккен үшінші полицейге ота жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің бассүйегіне ота жасалды. Қазірі оның жағдайы ауыр, тыныс алдыру аппаратына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің бассүйегіне ота жасалды. Қазірі оның жағдайы ауыр, тыныс алдыру аппаратына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты.

Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым № 7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.

"Оған жабық бассүйек ми жарақаты, ми жарақатының ауыр деңгейі, миға қан кету диагнозлары қойылды. Сол жақ бет сүйегі зақымданған. Белі, аяқ жағы зақымданған", - деді № 7 клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ильдар Құрмаев.

Оның айтуынша, полицейге екі рет ота жасалған.

"26 мамырдағы жағдай бойынша науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Бүгін тағы да томографияға түсірілді. Науқас тыныс алдыру аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімінде интенсив терапия алып жатыр", - деді дәрігер.

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: видеобақылау камерасындағы суреттер жарияланды

Еске салайық, кеше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer