28 наурыз 2021 | 19:47

Алматыда блокбекеттер қойыла ма? Сағынтаев жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабуға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабуға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы" телеарнасындағы Akimat LIVE тікелей эфирінде қала тұрғыны Бақытжан Сағынтаевқа Алматыны карантинге жабу мәселесі туралы сұрақ қойды.

"Қала жабылмайды. Бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Қабылданған шектеу шаралары коронавирус таралуының алдын алуға көмектеседі және жағдай тұрақталады деген үміттеміз. Алматыда 20 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізілді. Кеше, 27 наурызда кейбір түзетулер енгізілген шектеу шараларын тағы екі аптаға ұзарту туралы қосымша қаулы қабылданды. Келесі аптаның соңында жағдайдың қандай болатынын байқаймыз. Егер жағдай тұрақты болса, онда шектеулерді қайта қарастырамыз. Бірақ жағдай нашарласа, бәрі болуы мүмкін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев "ұлыбританиялық" және "Оңтүстік африкалық" SARS-CoV-2 вирустарын жұқтыру жағдайы көп екенін айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети