Алматыда блокбекеттердің орнына экостанция орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда блокбекеттердің орнына экостанция орнатылады

Алматы Жасыл экономика басқармасының жаңа басшысы Наталья Ливинская онлайн-брифинг барысында қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарларын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наталья Ливинская ұсынған шаралардың бірі - қалада карантин кезінде жұмыс істеген блокбекеттердің орнында экобекет орнату.

"Бізде карантин кезінде жұмыс істеген блокбекет тұрған жерлерде экобекеттерді іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, веложолдарды 28 шақырымға ұзарту жоспарланып отыр және қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтарды ұлғайтамыз. Сонымен қатар, жақын арада қаланы аралап жүріп пайдаланылған газды өлшейтін мобильді зертханаларды іске қосамыз", - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол қала тұрғындарына ЛЭД-экрандар арқылы ластану туралы ақпарат беру жоспарланғанын айтты. 26 аспап жұмыс істеп тұр, бұл қоғамдық және "Қазгидромет" құралдары, олардың санын 10-ға арттыру жоспарланып отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети