Алматыда түнгі клуб маңындағы төбелеске қатысқан спортшы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның адвокаты Алма Мусина хабарлады. Төбелес 7 наурызда "Чукотка" бары жанында болды, "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматыда түнгі клуб маңындағы төбелеске қатысқан спортшы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның адвокаты Алма Мусина хабарлады. Төбелес 7 наурызда "Чукотка" бары жанында болды, "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мусинаның айтуынша, үш ер адам бір-бірімен ерегісіп қалған. "Бәрі де екі жігіттің менің қорғауымдағы азаматқа келіп, аты-жөнінің кім екенін, қандай үлкен екенін сұрап, жармасуынан басталды. Жігіт өз есімінің Женя екенін және байланыспауын сұраған. Бірақ олар мас болып, оның сөзіне сенбеді. Ұрыс боқтық сөзге ұласты. Бұдан кейін "Чукотка" барының күзетшілері үшеуін мекеме аумағынан шығарып жіберді", - дейді адвокат Мусина. - Сол кезде жігіттердің бірі қалтасынан пышақ шығарып, менің қорғауымдағы азаматқа шабуылдағысы келді, ол қорғанды. Салдарынан оның қолы кесілді, мұның бәрі тіркелді. Жас жігіт қорғанды, сол уақытта шабуылдаушы құлап қалды да, тас жолға басын соғып өлді".
Адвокаттың айтуынша, бұдан соң тараптар бетпе-бет кездесіп үлгерді - төбелеске қатысқан екінші адам Мусинаның қорғауындағы адамның сөзін растады. Адвокат өз қорғауындағы адамның қандай да бір спорт түрінен Қазақстан чемпионы емес екенін айтып өтті. "Ол - әуесқой спортшы, ауыр атлетикамен айналысқан. Ол оқиға орнынан қашпады, керісінше, қолының жарақатына қарамастан, полицияны шақырды, күтті, одан жауап алынды. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды. Сотқа дейінгі тергеудің қорытындысы жәбірленушінің қорғаныс әрекетін шамадан тыс асырып жіберді ме, жоқ па - соны анықтайды. Егер оның әрекеті заң аясында болса, босатылады, ал марқұм оның қорғану әрекетінен кейін өлген болса, қорғауымдағы адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді ол.
Еске сала кетейік, Алматыдағы төбелес Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Бұған дейін төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, төбелес түнгі клубқа келушілердің арасында болған. Ұсталғандардың бірінің айтуынша, клубта оған екі ер адам келіп, жанжал шығарған. Содан кейін клубтың күзетшісі оларды көшеге шығарып жібереді, сол кезде әлгі екеуі мұны жұдырық пен суық қарудың астына алады. Төбелеске қатысушылардың бірі - 37 жастағы ер адам асфальтқа құлап, басынан жарақат алған. Ол сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатынан болды. Медеу аудандық ішкі істер басқармасы оқиғаны тергеуге кірісті. Кейін бұл оқиғаға байланысты "Чукотка" барының әкімшілігі пікір білдірді. Мекеменің ресми сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, төбелеске ядро лақтырудан Қазақстан чемпионы қатысқан.