Бостандық ауданының әкіміне Әл-Фараби - Шашкиндегі көпірді бүлдірген вандалдарды табу тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев хабарлады. Еске сала кетейік, 23 маусымда Алматыда әл-Фараби даңғылының Марков пен Шашкин көшелерімен қиылысының ортасында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған биіктігі төрт метр болатын көпірден 3 жасар қыз тіреуіштің болмағандығынан құлап кеткен болатын.

"Аудан әкіміне тапсырма берілді. Вандализммен кімнің айналысқанын ол анықтайды. Жалпы вандализммен біз сіздермен бірге күресуіміз керек. Адамдарды тәрбиелеу керек", - деді Сауранбаев.
Еске сала кетейік, оқиға 2015 жылдың 13 маусымында болды. Қыздың анасы Наталия Кутлинаның айтуынша, ол қызымен бірге көпірді кесіп өтпек болған. Әйел жол бойы қызын қолынан ұстап келген. Бірақ баспалдаққа келгенде қыз алдыға қарай жүгіріп кетеді. Кішкентай қыз баспалдақтан әйнек тіректі ұстап түсіп келе жатқан. Әйнектердің бірі жоқ болып шығады. "Ол құлап кетті. Есінен танып, дем алмай қалды. Мен оған жасанды дем алдырдым. Жедел жәрдем 7 минуттан кейін келді", - деді Қутлина. Оның қызы ашық бассүйек жарақатын алды. Көпірдің тіреуішінің жоқтығына әйел вандалдарды кінәлайды. Оның күйеуі қыздың құлап кеткен жерін сары жіппен байлап тастады.
Қоғам белсендісі Әрсен Шәкуов оқиғаны білген соң Алматы әкімдігіне көпірді жөндеп, қалған әйнектерді салу туралы ұсыныс жасайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, тіреуіштерді әйнектен емес, темір немесе пластиктен жасау керек. "Бұрынғы заманға оралуға тура келеді. Әйнектің орнына темір тор орнату керек. Бұл оқиға вандалдардың кесірінен болды. Алматыдағы әр көпірге полицей қоя алмаймыз, сондықтан да камера орнату керек", - деді ол.