Алматыда соңғы тәулікте жауған қардың қалыңдығы 15 сантимер, ал таулы аймақтарда жауған қардың қалыңдығы 25 сантиметрден асты. Жолды тазарту жұмыстарына 2,5 мыңнан аса жұмысшы жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Жасыл экономика басқармасына сілтеме жасап.

Сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, қар әлі жауып тұрды. Көктайғақтың алдын алу мақсатында 155 құмшашыратқыш қолданылды.
Басқармадағылардың мәліметінше, қар тазалауға 2 620 жұмысшы мен 860 дана техника жұмылды.
Сондай-ақ, көктайғаққа қарсы 4 262 тонна материалдың қолданылғаны айтылады. Түнгі уақыттан бері 1 100 текше метр қар шығарылған.