ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2022 | 10:31
Алматыда бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған
Алматыда колледж студенттерінің төбелесі видеоға түсіп қалды. Полиция қызметкерлері жаппай төбелесті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда колледж студенттерінің төбелесі видеоға түсіп қалды. Полиция қызметкерлері жаппай төбелесті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 қазанда 102 нөміріне Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жастар арасындағы төбелес туралы хабарлама келіп түсті.
"Дабылға бірінші болып патруль полиция қызметкерлері жетті. Олар төбелесті тоқтатты. Екі колледждің студенттері арасында жанжал туындағаны анықталды. Оның шығу себебі нақтыланып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также