23 қазан 2022 10:31

Алматыда бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда колледж студенттерінің төбелесі видеоға түсіп қалды. Полиция қызметкерлері жаппай төбелесті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматыда колледж студенттерінің төбелесі видеоға түсіп қалды. Полиция қызметкерлері жаппай төбелесті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 қазанда 102 нөміріне Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жастар арасындағы төбелес туралы хабарлама келіп түсті. 

"Дабылға бірінші болып патруль полиция қызметкерлері жетті. Олар төбелесті тоқтатты. Екі колледждің студенттері арасында жанжал туындағаны анықталды. Оның шығу себебі нақтыланып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети