Алматыда бірнеше халықаралық іс-шара өтеді: көлік қозғалысы шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше халықаралық іс-шара өтеді: көлік қозғалысы шектеледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда бірнеше халықаралық іс-шара өтеді, осы себепті қаладағы жолдарда көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше халықаралық іс-шара өтеді, осы себепті қаладағы жолдарда көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, 30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шаралар өтеді:

  • 30-31 мамырда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
  • 2-3 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді.
  • 5-6 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтеді.

"Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық Полиция департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді.

Біз азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети