Алматыда бірнеше көше мен ауланы су басты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Алматы ТЖД Фото: Алматы ТЖД

Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, Алматыда сағат 10.30-дағы жағдай бойынша 112 және 109 құтқару қызметіне су басу (аула аумақтары, көшелер) туралы 11 хабар келген.

"Оқиға орнына ТЖ басқармаларының жауапты инспекторлары шықты - оның ішінде 7 дерек расталмады, олар Әуезов ауданы Яссауи көшесі, 173, Жетісу ауданы Федоров көшесі, Жетісу ауданы Гастелло 44, Бостандық ауданы Лебедев көшесі 11, Алмалы ауданы Мұқанов көшесі 77, Дәулетқалиев көшесі 4, Ақбұлақ шағынауданы, Алатау ауданы Шарипов көшесі 26/1", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Жетісу ауданында Гончаров көшесі 60 мекенжайында бітеліп қалған арық құбыры тазартылды, Брюсов көшесінде ТЖД күштері сорғы қолданды.

Алатау ауданы Магаданская көшесі 53 үйінде мердігерлік ұйым арық желісін тазартты.

Наурызбай ауданында Сұраншы батыр көшесі 2-де жеке үйдің ауласын су басып, әкімдіктің мердігерлік ұйымы жұмыс істеді.

ТЖД өкілі түске дейін су басудың барлық расталған жағдайы бойынша жұмыстар аяқталғанын айтты.

Қазгидромет мәліметінше, 27 наурызда сағат 21.00-ден 09.00-ге дейін Алматыда 23 миллиметр жауын-шашын түскен. Айдың басынан 146,1 миллиметр жауын-шашын болды, норма 76 миллиметр. Тауларда дымқыл қар жауып жатыр, биіктігі ҮАК-да 107, Мыңжылқыда - 67, Медеуде - 44.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro