Алматыда бірінші сынып оқушысының әкесі ұлы зорланғанын мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: badmama.com.ua Иллюстрациялық фото: badmama.com.ua

Құқық қорғаушы Дина Смаилова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлағанын айтты. Полиция баланың әкесі арыз жазғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Құқық қорғаушы Дина Смаилова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлағанын айтты. Полиция баланың әкесі арыз жазғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласы, жекеменшік мектеп, сыныпта 12 баладан, жетінші сыныптың үш оқушысы бірнеше күн бойы бірінші сынып оқушысын сабақ кезінде дәретханада зорлайды! Мұғалім баланы жіберіп, қорқынышты ештеңені байқамаған!", - деп жазды Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында.

Құқық қорғаушы жазбасында баланың әкесі екі апта бұрын болған оқиға туралы біліп, полицияға хабарлағанын, бірақ тергеу тоқтап тұрғанын айтты.

Зорлық-зомбылыққа қарсы "НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Президентке ашық хат жолдап, Мемлекет басшысынан барлық кінәліні жазалауға көмектесуді сұрады.

Жазба жарияланғаннан кейін Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиға 21 сәуірде Наурызбай полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабының 4-бөлігі ("Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тіркелгенін хабарлады. Полицияға 1968 жылы туған ер адам жүгінген.

"Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, солардың нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім шығарылады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын қадағалайтын процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу жан-жақты, толық және объектив қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелерін Алматы қаласының полиция департаменті бақылауға алды", - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro