Алматыда BRT желілерін ауыстыру жоспарланып отыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда BRT желілерін ауыстыру жоспарланып отыр BRT сызбасы

Алматы билігі қоғамдық көлік үшін салынған BRT желілерін қайта салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы билігі қоғамдық көлік үшін салынған BRT желілерін қайта салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Бостандық ауданының тұрғындары BRT желілеріне шағымданды. Орбита ықшамауданы тұрғындарының айтуынша, автобустарға бөлінген жолақтар жүргізушілерге де, жергілікті тұрғындарға да көп қиындық туғызған.

Бұған жауап ретінде мегаполис басшысы жолшылар жақын арада BRT желілерін сол жақтан оңға қарай ауыстыратынын айтты.

"Мен бұл мәселе бойынша тапсырма бердім. Өкінішке қарай, BRT-ні биыл 31 мамырда ғана теңгерімге қабылдадық. Біз BRT желілерін жаңарту, яғни оларды оң жақ шеткі жолаққа ауыстыру бойынша жұмысты бастадық. Бірақ, өкінішке қарай, жобаны аяқтауымыз керек. Жолақтарды аяқтап, оң жаққа ауыстырамыз", - деп жауап берді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети