Алматы әкімдігі оңтүстік астананың қай көшелерінде BRT қозғалысы өтетіні және жол желілерін қайта құру қашан аяқталатыны жайлы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі оңтүстік астананың қай көшелерінде BRT қозғалысы өтетіні және жол желілерін қайта құру қашан аяқталатыны жайлы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
BRT бағыты бойынша, жол желісін қайта құру Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов (Сүлейменовтен Тимирязев көшесіне) дейін болады.
"8,7 шақырым бірінші учаске, Мұстафин, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев көшелері Желтоқсан көшесіне дейін өтеді. Қазіргі уақытта, ұзындығы 13,2 шақырым екінші учаскелік жол құрылысы Желтоқсан, Төле би, Құлжа тас жолынан Жетісу базарына дейін өтетін болады", - деп жауап қатты Алматы әкімдігі Tengrinews.kz тілшісінің сауалхатына.
Қоғамдық көлікке арналған аялдау платформалары жолдың оң жақ бөлігінде орналасады. Платформаның ұзындығы 40-60 метр.
"Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру бағыттарының бірі - көше-жол желісін қайта құру. Төрт шақырымды қайта қалпына келтірудің арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылардың қозғалысы артты, ал BRT бағыт дәлізін толық аяқтағаннан кейін жолаушылар тасымалы 20 пайызға артады және транзиттік уақыттың 30 пайызға төмендейді", - деді әкімдік өкілдері.
Жол желісін қайта құру 9 шақырымға дейін жоспарланып отыр. BRT дәлізі адам көп шоғырланған ауданда орналасқан және оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлік қажет.
Жол құрылысы жұмыстары 2018 жылдың 15 қазанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал осы жылдың аяғында барлық жұмысты аяқтап тастаймыз деп уәде берді. Нысан бойынша құрылыс жұмыстарының құны - 4,2 миллиард теңге болды.
Сондай-ақ, билік органдары BRT, LRT, метро желілерін салуды және автобустарға арналған арнайы жол салуды қамтитын қоғамдық көлік жүйесін толықтай іске асыру үшін жеке көліктің саны төмендейдін болады.
"Алматының барлық ауданында, 157 көшесінде жол желісін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса, автокөліктерге де жағдай жасалып жатыр", - деді әкімдіктегілер.
Болашақта BRT қызмет көрсету үшін, қоғамдық көлікке басымдық беретін жүйеге біріктіру арқылы үлкен сыйымдылықты автобустарды іске қосу жоспарда бар", - деді Алматы қаласының жолаушылар және көлік басқармасының өкілдері.