Алматыда жылыту маусымын 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда жылыту маусымын 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылыту маусымы бүгін, 28 қыркүйектен басталады.
Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100 пайызға дайын.
"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгіннен бастап, жылу толық беріледі. Тұрғын үйлер ағымдағы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады
Қалада барлығы білім берудің - 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматыда осыған дейін жылу 15 қазаннан соң берілетін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!