Алматыда "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғындары эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Алматыда "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, 7 шілдеде түсте көпқабатты тұрғын үй кешенінің бірінде түтін шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына жоғары шақыру дәрежесі бойынша жетті, қазір олар тұрғындарды эвакуациялап жатыр. 

"7 шілдеде өртсөндірушілер жоғары шақыру дәрежесімен шықты. Олар 12.43-те келгенде 23 қабатты тұрғын үйдің 13-қабатындағы пәтерден түтін шығып жатты. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Адамдарды эвакуациялау және құтқару жолында АД-120 түтін жоятын өрт сөндіру автомобилі жұмыс істеп жатыр. Ол таза ауа беруге көмектеседі", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Сонымен қатар, ТЖД мәліметінше, оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің 10 тобы жұмыс істеп жатыр, олар барлау жүргізеді. Сондай-ақ, өрт ошағына өрт оқпандары беріліп, өрт автосаты орналастырылды, екі жауынгерлік учаске құрылды.

Еске салайық, 24 сәуірде түстен кейін Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде тұрғындардың бірі мен күзетші арасында жанжал шығып, салдарынан күзетші мылтықтан жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілді. 

Кейінірек атыс шығарған ер адам 17-қабаттағы пәтеріне тығылып қалды. Оқиға орнына полиция келіп, аумақты қоршады. Тұрғын үй кешенінен ара-тұра атылған оқтың дыбыстары естілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қарулы адам сөйлесуден бас тартып, баспалдақ жаққа 10-нан аса оқ атқан.

Соңында ер адам терезеден секіріп өлді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети