Алматыда бұрынғы әйелін балаларының көзінше сабаған ер адам қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұрынғы әйелін балаларының көзінше сабаған ер адам қамауға алынды видео кадры

Алматы полициясы кішкентай балалардың көзінше бұрынғы жұбайын аяусыз ұрып-соққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы кішкентай балалардың көзінше бұрынғы жұбайын аяусыз ұрып-соққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Әлеуметтік желілерде әйелдің диванда отырған видеосы пайда болды. Оның бет-аузы қан-жоса екені көрінеді. Бұл уақытта оның қасында екі бала бар, олардың бірі жылап отыр. Кейін ауруханадағы кадрлар көрсетіледі: зардап шегушінің беті таңылған, көгерген.

Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдейді, олар үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Оның айтуынша, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалған және ұзақ уақыт ауруханада болған.

Зардап шегуші кінәлі адамды жауапқа тартып, заңның қатаң талаптарына сәйкес жазалауды сұрады.

Ер адам ұсталды

Полиция департаменті бұған дейін ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

17 қыркүйекте Алматы полициясы күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Барлық материал объективті түрде қаралады, ал тергеу аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады", – деп қорытындылады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети